Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Балаларға базарлық берілді

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 28.12.2018 2917 0 пікір
Маңғыстау: Балаларға базарлық берілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Маңғыстау облысына қарасты мешіттер түрлі деңгейде игі бастамалар ұйымдастырып келеді.

Кезекті берекелі бастаманың бірі Мұнайлы аудандық мешітінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өтті. Ақтау қаласында орналасқан облыстық үлгідегі  балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдерге сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар тәрбиеленіп жатқан 10 балаға толықтай қыстық киімдер үлестірілді.

Шара барысында теңдессіз тұлға Пайғамбардың өмірі насихатталып, балаларға арналған түрлі ойындар ойнатылып, керемет көңіл күй сыйлады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру