Көкшетау қаласы мешіттері жанындағы сауат ашу курстарының шәкірттеріне арналған «Раббым, білімімді арттыр!» атты байқау өз мәресіне жетті. Бұл білім сайысына он бес жастан асқан, оның ішінде ересегі бар, барлығы жетпістен аса шәкірт қатысты.
Олар үш кезеңнен тұратын байқау кезінде әртүрлі сауалдарға құрылған сауалнамаларға жауап беріп, шариғат тақырыбына дайындалған ұяшықтарға жасырылған жұмбақ сөздердің шешуін тапты. Мұнда Қазақстандағы ислам тақырыбы да шәкірттер талқысына ұсынылды. Бұл ретте логикалық сауалдар да білім сайысының қатысушылары бойындағы тапқырлық қабілетті анықтауға мүмкіндік берді.
Осылайша он адам соңғы сынақ кезеңіне шықты. «Ең үздік шәкірт» аталымын Науан хазірет мешітінің шәкірті Қоныс Жұмағұлов жеңіп алды. Қалған жүлделі орынға Мақсұт Сәбитов («Ықылас» мешіті ) және Еркебұлан Әлімжанов (Жақия мешіті ) лайық деп табылды. Жүлдегерлерге ақшалай сыйақылар мен Құран кітап табыс етілді.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.nasihat.kz
27.12.2018
4843
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру