Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Бөрлі ауданы мұсылмандар мешіті мен «Парасат» қоғамдық бірлестігі бірлесе отырып «Қайрымдылық – қадірлі іс» атты тегін такси акциясы ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты мереке қарсаңында аудан тұрғындарына есте қаларлықтай қуаныш сыйлай отыра, жақсылыққа үндеу. Сапырылысқан уақыт жоқ тіршілікте адамдар арасында жанашырлықты қылыптастырып, қайрымдылықты насихаттау болды. Акцияның негізінде «Ақсай-Орал» қалаларының арасында қатынайтын автобустың тұтынушыларына бір бағытта бір рет тегін жетуге мүмкіндік алды. Мұндай жақсы мүмкіндікке 22 жолаушы ие болды.
Тегін такси акциясы халықтың ризашылығын алған өте керемет әрі, игі бастама болды. Жұмадағы жақсылық мұнымен шектелмей, «Кең болсаң – кем болмайсың» атты қайырымдылық шарасымен өз жалғасы тапты. Шара барысында жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік берілді. Қажетті азық-түліктерді жүрегінде мейірімі бар, айналасына шапағын шаша жүретін демеушілер алып бергенін атап кеткен жөн. Қайырымдылық шарасының аясында көмек алған жанұялар да алғысын жаудырып жатты.
Қасиетті жұма күні мешіттің табылдырғын аттаған жамағатқа Тәжиден Батырұлы мешітінің Бас имамы Мейрамбек Ақылбекұлы "Тәуелсіздік - тәңір берген тәтті сый" тақырыбында жұма уағызын жүргізді. Жұма намазынан соң мәуліт xұтпасы оқылып, жамағатпен дұға жасалды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі
20.12.2018
3540
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру