Солтүстік Қазақстан өңірінде Қызылжар ауданына қарасты Соколов ауылында екі айтулы мереке аталып өтті. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. арналған рухани кешінің өтуімен «Рахман» мешітінің ашылуы сән салтанатымен жалғасты. Игі шараға ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы, мешіттің қажы ата-апаларымен жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысып қайтты.
Мәуліт кешінің ашылуы «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Мұхаммад-Кутб Рахимходжаұлы қаридың құран-салауат оқуымен басталды. СҚО бойынша өкіл имамы «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы жиналған жамағаттарға мәуліт кешімен құттықтап пайғамбарымыз с.ғ.с. жайлы өмірбаянын айтты.
Кештің соңында жергілікті кәсіпкер Хабибулла Бағытұлының демеушілігімен тұрғызылған «Рахман» мешітінің тұсаукесерін «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы салтанатты түрде ашып, шараға ат салысқан кәсіпкерлермен жамағатқа өкіл имам алғысын білдіріп ауыл ақсақалдары ақ баталарын жасады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
20.12.2018
3182
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру