Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Балалар тарихи мешітте қонақта болды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 20.12.2018 2899 0 пікір
Қызылорда: Балалар тарихи мешітте қонақта болды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, "Жастар ісі" секторы және қалалық "Айтбай" мешітінің бірлесуімен қаламыздағы "Атамекен" отбасылық үлгідегі балалар ауылының тəрбиеленушілеріне мерекелік дастархан жайылды.

Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған игі шараға арнайы келген ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша өкіл имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы балаларды мерекемен құттықтап, тəрбиелік насихаттар айтып, ақ батасын берді. "Айтбай" мешітінің бас имамы Н.Керімбеков мешіт ішін аралатып, қонақтарды тарихи құлшылық орнының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Шара соңында балаларға сыйлық кітапшалар тарту етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру