Отырар ауданына қарасты Көксарай ауылы əкімі мен молдасы бірлесіп жəрмеңке ұйымдастырды. Сөйтіп арзандатылған бағамен картоп, пияз, орамжапырақ, ет өнімдері, жұмыртқа, балық, шұжық, сәбіз, алма, күріш, макарон өнімдері, пісте май сатылды.
Жергілікті кəсіпкер Ержан Есенгелдіұлы 800 адамға қайырымдылық дастарханын жайды. Ержан мырза жуырда ғана Мəуліт айының құрметіне екі жағдайы төмен отбасыға үй -баспана сыйлады. Алла кəсібіне берекесін берсін!
Кім қиналғандарға қол ұшын созса, Алланың сол адамға жəрдемі жақын болады. Қасиетті Құранда бір жақсылық көптеген жақсылықтар жазылатыны жайында аяттар баршылық. Елге жəне дінге жанашыр жандар көбейе берсін!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
20.12.2018
3716
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру