Шымкент қаласының Қаратау ауданы аумағына қарасты «Достық» шағын-ауданындағы тұрмысы төмен бірнеше отбасыға көмек көрсетілді. Бейбіт Қанхожаев есімді кәсіпкер төрт шаңыраққа тоңазытқыш, кір жуатын машина жəне азық-түлік сыйлап, қуантып қойды. Балаларына жаңа жылдық тəттілер тарту етті.
Бұл туралы Қаратау аудандық əкімдігі əлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Садақа - адамның несібесін еселеуге сеп болады. Сауабы да мол амал. Садақа берген жанның берекесі кіреді, дүниесі көбейеді. Бай болам десеңіз қиналғандармен бөлісіп, мол дəулетке кенеле беріңіз.
Алла жомарт жандардың садақа, зекет, жақсылықтарын қабыл етсін!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Түркістан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
20.12.2018
2733
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру