Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Имамдарға қортынды жиын өтті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 19.12.2018 2832 0 пікір
Маңғыстау: Имамдарға қортынды жиын өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Маңғыстау облысына қарасты мешіт имамдары облыстық орталық мешітте бас қосты.

Өкіл имам Смайыл Сейтбековтың ұйымдастыруымен өткен жиналыста Діни басқарма тарапынан берілген біршама істер пысықталды. «Ислам және отбасы жылы» аясында жоспарға сай атқарылған игі шаралар қортындыланып, бірқатар тапсырмалар жүктелді. Мешіттер саны, салынып жатқан мешіттер жайлы сөз қозғалды. Университет пен медсеселерде білім алып жатқан жергілікті шәкірттерге қолдау көрсету жайлы сөз болды.

Сондай-ақ белсенді қызмет атқарып жүрген имамдардың жұмысына да тоқталды. Имамдар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру