Бөрлі ауданы мұсылмандар мешіті мен «Парасат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мешіт тірегі – жамағат» атты білім сайысы ұйымдастырылды.
Мешіттің тірегі де, оның көркін келтіріп көркемдейтін де жамағаты екені баршаға мәлім. Діни білімінің таяздылығынан тағдыр жолдарын басқа арнаға бұрып алып жүргендер біздің қоғамда аз емес. Бұл кесел еліміздің дамуы мен салт-дәстүрлеріміздің сақталуына үлкен кесірін тигізуде.
Осыған орай сайыс жамағат арасында білімге деген құштарлықты оятып, ауызбіршілік пен сауаттылықтың қашанда біріші орында екенін түсіндіру мақсатын көздеді. Білім сайысына жамағаттан біраз адам ат салысты. Өз білімін көп алдына шығып дәлелдеуге тырысқан, сайысқа қатысып белсенділік танытқан барлық қатысушылар назардан тыс қалмады. Барша қатысушыларға алғыс хаттар ұсынылып, білімділігін дәлелдеп оза шапқандарға бағалы сыйлықтар да ұсынылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Бөрлі ауданы мешітінің баспасөз қызметі
19.12.2018
3026
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру