Отырар ауданының орталығындағы "Есен ана" мешітіне қызметтік көлік берілді. Осы мешітті салған меценат Өскенбай Үсенов көлігін де қоса тарту етті.
Өскенбай Үсенов дін жанашыры. Айта кетелік, кəсіпкер жуырда жағдайы төмен елуден астам отбасыға бір қыстық азық-түлік жеткізіп берген болатын.
Жақсының жанашырлығы өзгелерге де жұғысты болсын. Мешіт - Алланың үйі. Мешіттің жəрдеміне жараған жанға Алланың жеңілдігі жақын болады.
Жұма күніне тұспа-тұс келген көлік табыстау рəсіміне облыс имамы да куə болды. Мұсабек Ақтамберді Өскенбай мырзаға Алланың разылығын тілеп, өзі де ризашылығын білдірді. Намазға жиылған жамағат та ол кісі үшін дұға етті.
Хақ Тағала қабыл етсін!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Отырар аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі
16.12.2018
3110
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру