Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дінбасымыздың алғысхатымен марапатталды

islam-oral.kz 14.12.2018 3504 0 пікір
Дінбасымыздың алғысхатымен марапатталды

Қасиетті жұмада  «Орал» орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов сөз алып,  ел бірлігі мен халқымыздың ынтымағы жарасып, имандылық жолында  мешіттердің алатын орны аса зор. Ақжайық өңірінде орналасқан имандылық үйлеріне, рухани  білім ордасы медресеге  демеушілік  танытып, асыл дінімізге қамқорлық жасап, жомарт жандар жетерлік. Осыған орай ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының «Алғыс» хатымен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «Белес-Агро» ЖШС-нің бас директоры Мұрат Жәкібаевқа, «Абадан Бизнес» ЖШС-нің директоры Ержан Жақсылықұлына, «ВодСпецСтрой» ЖШС-нің бас директоры Әнуар Вениаминұлына, «Приуралье» ЖШС-нің жетекшісі Хамзат  Исаевқа, жеке кәсіпкер Зубаир Гасановқа табыс етілді.

Марапатқа ие болған Мұрат Орынбайұлы дінбасымыз Серікбай қажы Оразға шексіз алғысын айтып,  имандылық, ізігілік жолына береке тіледі.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру