Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Өкіл имам «Шапағат» медалімен марапатталды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 14.12.2018 3150 0 пікір
ШҚО: Өкіл имам «Шапағат» медалімен марапатталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасының Жарлығымен ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы «Шапағат» медалімен марапатталды.

Салтанатты жиында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов:

«Қоғамда ізгілікті насихаттаумен адамгерілік құндылықтарды орнықтыру, дінаралық татулықты сақтауға қосқан үлесіңіз үшін Сізге осынау марапат ұсынылып отыр. Сіздің келелі бастамаларыңызбен өңірде діни сауаттылықты арттыру бағытында көптеген игі шарала атқарылуда»,- деп өкіл имамға «Шапағат» медалын тақты.

Марапаттау шарасында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы мемлекет тарпынан бұл марапат барлық діни қызметкерлерге көрсетіліп отырған зор құрмет екендігін жеткізіп, мемлекет үшін аянбай қызмет атқаратындығын жеткізіп, халықты Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру