Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Маңғыстау облысы бойынша əйел-қыздар сеторы бүгінгі таңда көпке үлгі болып, игі шаралар ұйымдастырып келеді.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінде сауат ашу курсында білім алып жүрген қыз-келіншектер, жамағат әжелердің қатысуымен Мәуліт мерекесі болып өтті. Келген қонақтарға сахналық көріністер қойылып Әз Елшінің өнегелі өмірінен сыр шертіліп, мәні мен мағынасы терең сөздер айтылды. Арнайы дастархан жайылып, əйел-қыздар сеторының жауапты өкілі, облыстық орталық мешіттің ұстазы Г.Джумагалиева тәрбиелік мәні бар тақырыпталға тоқталып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
12.12.2018
3040
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру