Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстауда қайырымдылық шарасы өтті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 05.12.2018 3182 0 пікір
Маңғыстауда қайырымдылық шарасы өтті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде «Ақжол» демократиялық партиясы, Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақжол жастар» жастар қанатының ұйымдастыруымен әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік тарқатылды. Алаш арыстандарын еске алу мақсатында ұйымдастырылған игі шарада «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы Ж.Жәнібекұлы:

«Игі шараның негізгі мақсаты қазақтың бостандығы үшін күрескен «Алаш» қайреткерлерінің ерен еңбектерін жастарға насихаттау, қайырымдылық шаралар арқылы жастарды имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу»,-деді.

Жиын соңында орталық мешіттің наиб имамы Қ.Қамбарұлы «Алаш» қайраткерлерінің рухына Құран бағыштады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру