Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Қала жастары Елбасы көрмесін тамашалады

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 05.12.2018 3421 0 пікір
Ақтөбе: Қала жастары Елбасы көрмесін тамашалады

Қала жастары Елбасы көрмесін тамашалады. Облыстық тарихи-өлкетану музейін зиярат еткен жастар жаңа ғимараттың тыныс-тіршілігімен танысып «Н.Назарбаев: Дәуір. Қоғам. Тұлға» атты көрмені аралады. Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы мен ҚМДБ-ның Жастар ісі секторының облыстағы өкілі бірлесе ұйымдастырған шараға 25-ке жуық жастар қатысты.

Көрме Тұңғыш Президенттің өнегелі өмір жолы, еңбек жолынан үзік сыр шертеді. Мұнда Мемлекет басшысына ел басқарудағы біліктілігі мен данышпандығы, шебер саясаткерлігі үшін берілген төс белгілер мен ордендеріне дейін қаз-қатар тізіле қойылған. Әр жылдардағы тарихи сәттердің фотосуреттері, Елбасының еңбектері көпшілік назарға ұсынылып, нақыл сөздері қабырғаға қашап жазылған.

Жастар Елбасының ғибратты ғұмырын тани түсіп, көптеген қызықты мағлұматтар алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру