Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент:  Өкіл имам жамағатты қос мерекемен құттықтады

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 02.12.2018 3020 0 пікір
Шымкент:  Өкіл имам жамағатты қос мерекемен құттықтады

Бүгін Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы «Сейіткәрім қажы» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Мәуліт мерекеленді.

Мерекелік шараға Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының құрылтайшысы Қалиолла Маджанов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, Мейірбек Сәрсенбаев, Еңбекші аудан орталық «Әл-Біләл» мешітінің бас имамы Дәулет Туленов, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұстаздары мен шәкірттері т.б. мешіт жамағаты қатысты.

Алдымен барша жамағатты  өкіл имамы Бақтыбай Қыдырбайұлы қасиетті Мәуліт мерекесі мен қатар,  еліміздің ерекше мерекелерінің бірі һәм бірегейі 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтады.

Құттықтау барысында қос мерекенің қадір-қасиеттеріне ерекше тоқталды.

Мешіт имамдары Мәуліт хұтбасын оқыды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шараға өкіл имам өзінің және жамағат атынан «Сейіткәрім қажы» мешітінің бас имамы Ералы Есенгелдиевке алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру