Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак студенттері «Нұр» балалар үйінің сәбилерін  қуанышқа бөледі

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 28.11.2018 3728 0 пікір
Нұр-Мүбарак студенттері «Нұр» балалар үйінің сәбилерін  қуанышқа бөледі

«Жетім көрсең, жебей жүр» демекші, Талғардағы «Нұр» балалар үйіне Нұр-Мүбарак университетінің Жастар комитетінің ұйымдастыруымен бір топ студент ат басын тіреді. Ағаларын көрген 40-шақты баланың қуанышында шек болмады. 1-курс студенті Б.Темірлан арнайы цирк ойыншыларының киімін киіп, балаларға керемет ойындар ойнатты. Балалар мәз-майрам болып, таң-тамаша болысты. Тұяқ апа да ризашылығын білдіріп, батасын берді. Студенттер тек балаларға ойын ойнатып, көңілдерін көтеріп қана қоймай, жетімдер үйінің ауласын тазартып, жинауға белсене ат салысты.

Қоғамда қандай да бір жетім болса, сол елдің азаматтарына, адамдарына сын. Нұр-Мүбарак университетінің студенттері де теңізге тамшыдай болса да өз қолдауларын білдіріп, балаларға мереке сыйлады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру