Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Өскеменде Мәуліт өтті

Өскемен аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 26.11.2018 2704 0 пікір
ШҚО: Өскеменде Мәуліт өтті

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Халифа Алтай» мешітінде «Хазіреті пайғамбардың ﷺ  ізімен» атты рухани кеш болып өтті. Алланың елшісі, әзпайғамбарымыздың ﷺ құрметіне арналған шарада Құран оқылып, ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек Қасболатұлы құттықтау сөз сөйледі.

Өкіл имам:

«Адамзаттың ұлы тұлғасы ардақты Пайғамбарымыздың дүниеге келген айын рухани мейрам ретінде атап өту бұрыннан келе жатқан дәстүр. Алла Елшісі адамгершілік құндылықтарды орнықтыру арқылы қоғамдық қатынастардың ізгілікке негізделген ең құнды, өміршең үлгісін жасап кеткен» дей келе, ғибратты насихат айтты.  

Шарада сөз алған зиялы қауым өкілдерімен ақсақалдар жұртшылықты Мәуліт мерекесімен құттықтап, осынау игі шараға шынайы тілеулестік білдірді. Кеш барысында терме шырқалып, діни-танымдық ойындардан сайыс өтті. Сонымен қатар облыстық балалар үйлерінен және зағиптар қоғамынан 100-ден астам адам арнайы шақырылып, оларға «Мәуліт сыйы» таратылды.

Мәуліт мерекесі аудандарда жалғасып жатыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру