Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында Қазақстан мен Өзбекстан мұсылмандары діни басқармалары арасында достық нығайып келеді. Түркістан облысы, Сарыағаш, Келес аудандарына арнайы Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласынан тәжірибе алмасу мақсатында бір топ имамдар келді. Әуелі аудан әкімшілігінде Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары С.Тасқұловтың арнайы қабылдауында болды. Жиынға Түркістан облысының өкіл имамы Мұсабек Ақтамберді қатысып, келген қонақтарға сапарларына сәттілік тіледі. Үш күндік сапар жалғасында «Сарыағаш» медресе-коледжнің тыныс тіршілігімен танысты. Медресенің директоры Абдуғаппар Смановтың қабылдауында болды. Медресе шәкірттеріне тыныштық ұлы нығмет оны қадірлей білу керектігін, білім алудың артықшылығы туралы уағыз айтты.
Сарыағаш, Келес аудандарындағы мешіттерде асыр, шам және құптан намаздарында жамағатқа қазіргі таңда белең алып тұрған қоғамдағы керағар ағымдарға тосқауыл қою, ынтымақ ауызбіршілік, бір мәзхабта болу, мәуліт айының артықшылы, т.б. тақырыпта уағыз-насихат жүргізді. Үш күн Қазақ елінде іс сапарда болған өзбек имам бауырларымыз өз отандарына көңілді қайтты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Сарыағаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі
26.11.2018
3062
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру