Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтау: Деструктивті діни ағымдардың алдын алу шарасы ұйымдастырылды

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 26.11.2018 3348 0 пікір
Ақтау: Деструктивті діни ағымдардың алдын алу шарасы ұйымдастырылды

 

Ақтау қаласы С.Қондыбай атындағы №22 жалпы орта мектебі мен  №11 мамандандырылған физика-математика мектебінің оқушылары мен мұғалімдеріне деструктивті діни ағымдардың алдын алу шарасы ұйымдастырылды. Кездесу барысында Маңғыстау облыстық орталық мешіттің наиб имам Қажымұқан Қамбарұлы дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар, оларды ажырату жолдары туралы мағлұмат беріп, елімізде болған бірнеше лаңкестік әрекеттердің кері әсерлерін мысалмен түсіндіріп өтті.

Жиын соңында оқушылардың аталмыш мәселеге байланысты сұрақтарына жауап беріліп, алда қандай да бір сұрақ туындаса тек мешіт имамдарынан сұрау керектігі айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру