Өндірістік аймақ - Мақат кентіне жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Батыржан Берденұлы жергілікті Мақат жұртшылығымен кең форматта кездесу өткізді.
"Ислам және отбасы" тақырыбына арналған кездесу жергілікті Мақат мәдениет үйінде өтті. Салиқалы сұхбат жүргізілген жиынға зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, мешіт жамағаттары және жастар қатысты.
"Ислам дінінде отбасының маңызы ерекше. Жанұяда әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, тауқыметтің тәлкегі еш ауыр келмейді" деген Бас имам Батыржан Берденұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Ислам және отбасы" жылы аясында атқарып жатқан жұмыстары, дін мен дәстүр сабақтастығы туралы кеңінен мәлімет берді.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.
www.islam-atyrau.kz
26.11.2018
3384
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру