Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Орталық мешіттегі мәуліт кеші

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі 25.11.2018 2783 0 пікір

ҚМДБ-ның БҚО бойынша әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен  Орал орталық мешітінде «Шапағат шамшырағы Әз-Мұхаммед»   тақырыбында мәуліт мерекесі аталып өтілді.

Рухани шара қасиетті Құран Кәріммен басталды. ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы Еркебұлан Қарақұлов арнайы қатысып, жиылғандарды мәуліт мерекесімен құттықтады.

Жиылған жамағатқа Мұхаммед Мұстафаның ﷺ адамзатқа құтқарушы болып келуіндегі хикмет пен өмір тарихын баяндайтын «Пайғамбарға сағыныш» атты бейнебаян көрсетіліп, ұстаздар сұрақтар қойып, жауап бергендерге  сыйлықтар берілді.

Шара соңында  ҚМДБ-ның БҚО бойынша әйелдер-қыздар секторының төрайымы А.Демеутова сөз алып, жиналған жамағатты құттықтап, мейрамға ат салысып отырған жандарға алғысын жеткізді. «Азамзаттың асыл тәжі» кітап оқу жарысынан алғырлар жүлделі орын иеленіп, сый-құрметке ие болды.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру