ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов өзінің кезекті сапарын Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылдық мешітінің жамағаттарымен кездесіп, қазіргі таңда болып жатқан діни ахуалды халыққа түсіндіріп, ауыл мешіттерінің тыныс- тіршілігімен танысып қайтуды жоспарлап жұма күні іс-сапармен Тайпақ ауылдық мешітке ат басын тіреді.
Ауылдық мешітінің бас имамы Қ.Абдрахманов пен ауыл әкімі Б.Байғалиұлымен кездесіп, ауылдағы діни ахуалы мен халықтың тыныс тіршілігі жайын баян етті.
Е.Ыбырайымұлы жұма намазына жиналған жамағатқа «Бала тәрбиесі-отбасынан басталады» жайында уағыз айтып, көпшілікті жұма күнімен құттықтап, мінбарға көтеріліп, жұма намазын өткізді.
Жұмадан кейін Еркебұлан Қарақұлов ауылдық мәдениет үйіне жиналған халықпен жүздесіп «Ынтымақ-бірлік» жайын уағыз айтып, сауалдарына жауап берді. Кездесуге облыстық дін істері басқарма басшысының бас маманы, теолог А.Қаратай, Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Т.Александрұлы, Тайпақ ауылының әкімі Б.Байғалиұлы қатысты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
24.11.2018
3694
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру