Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: «Таугүл-3» мешітіне 10 жыл

«Таугүл-3» мешітінің баспасөз қызметі 22.11.2018 3267 0 пікір

Бүгін «Таугүл-3» мешітінің 10 жылдық мерей тойы мен Мәуліт мерекесі аталып өтті. Рухани шараға Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай,  қаланың аудан имамдары, «Таугүл-3» мешітінде бұрын қызмет еткен имам О.Дәуренбеков, Н. Дарқұлов және мешіт жамағаты қатысып, тіліктерін білдірді.

«Қасиетті Мәуліт мерекесі мен «Таугүл-3» мешітінің 10 жылдық мерей тойы құтты болсын! Мұсылмандардың өміріндегі басты идеал болуы тиіс пайғамбардың өнегелі өмірін насихаттау – баршаға ортақ іс. Бұл дінімізді насихаттаудың, жас ұрпақты имандылыққа, жақсы мінез-құлыққа шақырудың орайлы бір сәті», – деді бас имам Еркінбек Керімбекұлы.  

Рухани кеште танымал әншілер ғибратты жыр-термелер орындап, тәрбиелік мәні мол уағыздар айтылды.

Шара соңында сөз алған «Таугүл-3» мешітінің бас имамы Камалжан Тұрдыбаев:

«Шарапаты мол мәуліт мерекесі біздің халқымызға да құтты болсын! Осынау айтулы мейрамның аясында «Таугүл-3» мешітінің 10 жылдық мерей тойы да ұйымдастырылып отыр. Осы мереке адамдар арасындағы рақым-мейірімнің, имандылықтың, бауырмалдықтың арта түсуіне бір сеп болғай»,-деді бас имам Камалжан Тұрдыбаев.

Кеш барысында қасиетті мешіттер мен «Таугүл-3» мешітінің тарихы жайлы кітаптың тұсауы кесілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру