Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Дін және отбасы құндылықтары» атты шара өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 20.11.2018 3658 0 пікір
ШҚО: «Дін және отбасы құндылықтары» атты шара өтті

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында Күршім аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Дін және отбасы құндылықтары» атты форум болып өтті. Шараға аудан әкімі Д. Қажанов қолдау көрсетті.

Бұл жиынға Өскемен өкілдігіне қарасты аудан, ауыл имамдары, дінтанушы, теолог мамандар және ардагерлер, жастар өкілдері қатысты.

Форумда Шығыс Қазақстан облысы «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин:

«2018 жылды ҚМДБ-дан Ислам және отбасы жылы деп жариялаған болатын. Осы атаулы жылдың аясында бүгінгі шара ұйымдастырылып отыр»,- дей келе жиынның маңызын саралады.

Жиында аудан әкімі Д.Қажанов қазіргі таңда отбасылық құндылықтарды дамытудың маңызы туралы өз ой-пікірін ортаға салып, Күршім ауданының үздік имамдарына «Алғыс хат» табыс етті. Шара соңынан Мәуліт кеші өтті. Күршім аудан әкімі Д.Қажанов жиынға келген аудан, қала имамдарымен арнайы кездесу жасап, қазіргі таңдағы діни ахуалды саралап, имамдармен пікір алмасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру