Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семейде тағылымды кеш өтті

Семей Қос мұнаралы орталық мештінің баспасөз қызметі 12.11.2018 3066 0 пікір
Семейде тағылымды кеш өтті

ҚМДБ Семей аймағы бойынша «Әйел-қыздар секторы» мәуліт айына арнап «Пайғамбарым ардақтым» атты тақырыбында тағылымды кеш өткізді.  Кешті Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат жиналған жамағатты Мәуліт мерекесін құттықтау сөзімен бастап, одан кейін Пайғамбар ﷺ өмірі мен өнегелі жолын уағыздады. Мәуліт мерекесінің мәнісін түсіндірді.

Сауат ашу курсының шәкірттері Пайғамбарымыздың  өмір жолын  сипаттайтын «Мәуліт» дастанын оқып. Келген қонақтарға ғибратқа толы қойылымдар қойды. Ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ ізгі қасиеттерін сипаттайтын өлең-жырлар, монологтар оқылды. Кеш соңында Пайғамбарымыздың соңғы құтбасы оқылып, салауаттар жолдады.

Кештің мақсаты  Пайғамбарымыз  Мұхаммед ﷺ жақсы танып, өсиеттірін терең түсініп, өнегелі өмірін үлгі ету болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру