Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жас мотиватор тайм-менеджменттегі тәжірибесімен бөлісті

Айша КЕҢЕСБАЙ Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 25.10.2018 3517 0 пікір
Жас мотиватор тайм-менеджменттегі тәжірибесімен бөлісті

Нұр-Мүбарак университетінің магистранты жас мотиватор Әбілқайыр Жұматаевтың «Студенттің өз уақытын ұйымдастыру» атты мастер-класс өткізді.

«Бір жерде тоқтап қалу білім ізденушіге тән емес,- деп өзінің білім алудағы тәсілдерімен, оқыған кітаптардағы құнды ойлар мен зерттеу нәтижелерімен бөлісті.

Тәрбие және дін істері бөлімінің маманы Ш.Бақтиярова университеттегі білім алушы қыз-келіншектердің иманды да ибалы маман ретінде ғана емес, ұрпақ тәрбиелеуші тұлға болып қалыптасуы үшін жоспарланған жан-жақты шараларға тайм-менеджментті қосудың маңызды екендігін айтты.

Студенттер мотиватор-коуч Ә.Мәдиұлына күнделікті кездесетін жағдайлармен қатар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, ғылыми әрі тәжірибелік тұрғыдан дәлелденген жауаптар алып жатты.

Ұйымдастырушылар ТДІ бөлімі мен Жастар ісі жөніндегі комитет студенттерге жаңа серпін берген Ә.Жұматаевқа Алғыс хат табыстап, шеберлік сабақтың болашақта жалғасын тапса деген ұсыныс білдірді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру