Қызылорда қалалық "Сұлтан" мешітінде əйел жамағаттары мен шəкірттер арасында "Дұға - құлшылық өзегі" атты интеллектуалдық жарыс өткізілді.
Сайыстың қадірлі қонағы ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкілі Абуов Болатбек Ұласқанұлы дұғаның күнделікті өмірде алар орны мен дініміздегі маңыздылығы жайында түсіндіріп, жарысқа қатысушы əйел жамағаттарына, шəкірттерге сəттілік тіледі.
Құран мен хадистерде келген дұғалар, намазда оқылатын дұғалар, күнделікті жиі оқылатын дұғалар бойынша жарысқа қатысушылар өз арасында бақтарын сынады. Игі шараға арнайы келген облыстық "Əйелдер-қыздар" секторының жетекшісі, ұстаз Л.Сыдықова əйел жамағаттарының арасында ауызбірлік артып, игі шаралар жанданып келе жатқанын баса айтты.
Қазылар алқасының шешімімен
1-орынды Ысмайлова Айгүл,
2-орынды Жақсылыққызы Ботагөз,
3-орынды Садуақасова Завида иеленді.
"Сұлтан" мешітінің бас имамы Қ.Отызбаев жарыс жеңімпаздарына арнайы сертификат пен сыйлықтар табыстады.
Шара соңында көрермен болып қатысушылар арасында да дұғалар бойынша сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
22.10.2018
3587
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру