Маңғыстау облыстық орталық мешітінің Әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Г.Джумагалиеваның ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы» жылы аясында «Исламдағы бала тәрбиесі» атты семинар өтті. Семинарды Алматы қаласынан келген тәжірибелі коуч-тренер, психолог Ұлдана Әділханқызы жүргізді. Бүгінгі бала ертеңгі болашағымыз. Ел болам десең бесігіңді түзе дейді дана халқымыз, осы орайда семинар құрсақтағы сәбиден бастап жасөспірім балаға дейінгі аралықты қамтып, аналардың ерекше ықыласына бөледі. 50-ге жуық жиналған қыз-келіншектердің «Бала-бақша, мектепте баламды ұрса не істеу керек?», « Балам неге өтірік айтады?», «Балам неге қызғаншақ?», «Балам неге өзге балаларға тисе береді?» деген аналардың толғандырған сұрақтарына тұшымды жауап берді.
Семинардан кейін аналардың балаларымен қарым-қатынасында оң бағытқа өзгеретініне сенімдіміз!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметкері
20.10.2018
3265
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру