ҚМДБ-ның Маңғыстау облыстық орталық мешітінің «Әйел- қыздар» секторының жетекшісі Г.Джумагалиева «Дін істер басқармасымен» бірлесіп «Мұсылман ер мен әйел арасындағы міндеттер» атты семинар өткізді. Семинарды Астана қаласының «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» психологы Қойшиева Лимана мен «Нұр-Астана» мешітінің ұстазы Д.Нұрғалиева өткізді. «Ислам және отбасы» жылына арналған бұл жиында «Әйел адамның ерінің алдындағы міндеттері», «Ажырасудың себептері» тақырыбында әңгіме қозғап, жиын соңы ұстаздар жамағаттың толғандырған сұрақтарына жауап берді.
Қатысушылар отбасы мәселесінде құнды ақпарат алып, алғыстарын жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметкері
15.10.2018
3193
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру