Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбенің облыс әкімі мешіттегі терминал арқылы садақа салды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 13.10.2018 3650 0 пікір
Ақтөбенің облыс әкімі мешіттегі терминал арқылы садақа салды

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітін зиярат етті. Өңір басшысы мешітке жуырда орнатылған садақа терминалының жұмысымен танысты. Терминал арқылы мешітке садақа салып, жариялылық пен жеделдікті қамтамасыз ететін игі бастамаға сәттілік тіледі.

Бас мүфти бастамасымен қолға алынған игі шара еліміздегі ірі мешіттерге іске асуда. Бұл мешіт қаржысының ашықтығын қамтамасыз етеді. Аударым үшін комиссия алынбайды. Қаражат тікелей мешіттің есеп-шотына түседі. Сондай-ақ, түбіртек беріледі. Аппаратпен басқа да төлемдерді жүзеге асыруға болады, мысалы телефон байланысына қаражат аудару, т.б.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру