Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ЗЕКЕТ» ҚОРЫ: 30 ЖАНҰЯҒА ЖӘРДЕМ БЕРІЛДІ

«Зекет» қорының баспасөз қызметі 04.10.2018 3547 0 пікір
«ЗЕКЕТ» ҚОРЫ: 30 ЖАНҰЯҒА ЖӘРДЕМ БЕРІЛДІ

ҚМДБ-ға қарасты «Зекет» корпоративтік қоры Алматы қаласында түрлі қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып келеді. Бүгінгі кезекте «Зекет» корпоративтік қорына келіп түскен өтініштер бойынша көмекке мұқтаж 30 отбасы азық-түлік және көкөністермен қамтамасыз етілді.

Түркісіб ауданына қарасты базардағы қайырымды жандармен бірге «Зекет» қоры әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға азық-түлік таратып, қордан жәрдем сұраған жандардың ыстық ықыласына бөленді.

Сондай-ақ, ҚМДБ-ға қарасты «Зекет» қорына әрдайым қолдау көрсетіп, үлес қосып жүрген қайырымды жандарға алғыс білдіреміз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру