Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚЫЗЫЛОРДА: ҚАРТТАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 04.10.2018 3122 0 пікір
ҚЫЗЫЛОРДА: ҚАРТТАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Бүгін ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі және қалалық әлеуметтік қамсыздандыру орталығының бірлесуімен халықаралық қарттар күніне орай мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Кеш қонақтары «Дидар» мейрамханасындағы алпыстан астам адамға арналып жайылған дастарқан басында мерекелік бағдарламаның куәсі болып, ерекше көңіл-күй мен ыстық ықыласқа бөленді.

Қарияларды мерекелерімен құттықтай келген өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы ізгі лебізін жеткізіп, өскелең ұрпақтың атынан алғыс білдірді. Қарттардың көңілін аулап, қуанту мақсатында мерекелік сый-сияпатын тарту етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру