Нұр-Мүбарак университетінің студенттері жазғы маусымда өткен өндірістік іс-тәжірибелерінен түйген ойлары мен түйіткілдерін өзара бөлісу мақсатында тәжірибелік конференция өткізуді үрдіске айналдыруда. Бұл жолы 2-3 курстың қыздар топтары бес апта бойы ел ішінде жүргізген жұмыстарын ортаға салды.
Өндірістік іс-тәжірибе – Нұр-Мүбарак студенттерінің алып жатқан білімдерін бекітіп, болашаққа бағдар жасауға зор мүмкіндік. Студенттер өз еңбектерін түрлі сурет, видео, альбом күйінде ұсынып қана қоймай, ой бөлісті.
Оқу орнындағы қыздар тобының іс-тәжірибесіне жетекші Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, магистр Маржан Жолмағанбетова шәкірттердің жұмыстарына қатысты ойларын түйіндеп, болашақта ескеру қажет мәселелерді жіті талқылап, ұсыныстар жинақталды. Маржан Жолмағанбетова ханым шәкірттердің талпынысына жоғары баға беріп, алғысын білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Айша КЕҢЕСБАЙ Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
26.09.2018
3695
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру