Облыстағы «есту және сөйлеу қабілетінен айырылған жандар» ұйымының бір топ мүшелері ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлының арнайы шақыртуымен облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде қонақта болды.
Өкіл имам қонақтарды мешітте ашылған жаңа оқу орталықтарымен таныстырып, ислам діні жайында, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы туралы толыққанды мағлұматтар берді. Сұхбат барысында Бас имамның орталық мешітте субаудармашының көмегімен өткізілетін діни сауат ашу курсына қатысу туралы ұсынысын қуана қабыл алып, діни білім алуға келетіндерін жеткізді.
Бұдан кейін қонақтар мешіт жанындағы асханада жайылған дастархан басында субаудармашының көмегімен наиб имам, қари Ш.Садуовтың уағызын тыңдады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
24.09.2018
3363
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру