Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл облысының өкіл имамы «Ауыл еңбегі үшін» медалімен марапатталды

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі asyldin.kz 09.09.2018 4086 0 пікір
Жамбыл облысының өкіл имамы «Ауыл еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Талас ауданының әкімі Әлиев Досмаханбет Қасымұлы Жамбыл облысының өкілі, «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлын қоғамдық іс-шараларға, ауылдық жерлерде еңбекке атсалысып, мешіттерде қайырымдылық шаралар ұйымдастырып, мұқтаж жандарға қолдау көрсеткені үшін «Ауыл еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Шараға аудандық мәслихат хатшысы Төлепбаев Архабек, аудаудық Қоғамдық кеңестің төрағасы Әсемов Жұмабек, Талас ауданының бас имамы Әлиев Нұрсұлтан, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Жапек Ғалымбек қатысты.   

Талас ауданының әкімі Алиев Досмаханбет Бас имамға медаль табыс етіп: 

«Облысымызға Данияр Әлимұхамедұлы тағайындалған күннен бастап бас имам еліміздің рухани өміріндегі бірқатар игі шараларға ұйытқы болып келеді. Бас имамның бастамасымен облыстық дін саласында да тағылымды шаралар жүзеге асуда. Өнегелі ісімен көптің алғысына бөленіп, елге қызмет етудің озық үлгісін көрсетіп жүрген елжанды азамат – Данияр Әлимұхамедұлын «Ауыл еңбегі үшін» медалімен құттықтап, еңбегіне береке, отбасына амандық тілеймін», - деп ыстық лебізін жеткізді.

Мешіт ұжымы үлкен–кішіге адамгершіліктің үнемі озық үлгісін көрсете білген адал басшы, жаны жайсаң дін жанашыры Данияр Әлимұхамедұлын осындай жетістігімен құттықтай отырып, үнемі биік белестерден көрінуін тілейді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру