Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚЫЗЫЛОРДА: АУДАН ИМАМДАРЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 28.08.2018 2969 0 пікір
ҚЫЗЫЛОРДА: АУДАН ИМАМДАРЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасына сәйкес, өңірлік мешіттердегі діни қызметтерді жандандыру жұмыстары басты назарға алынып, үнемі қарқынды дамып отыруы тиіс.

Осыған орай, бүгін, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіндегі облыстық діни кітапханада облысқа қарасты аудан имамдарының жиыны өтті.

Жиын барысында аудан имамдары өздеріне қарасты аудан және ауыл мешіттеріндегі ахуалды баяндап, түрлі түйткілдерді шешуге қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы атқарылуы керек бірқатар мәселелерді алға тартып, аудан және оларға қарасты ауыл мешіттеріндегі діни ахуал тұрақтылығын сақтау мен мешіт қызметтерін жандандыруға, білікті кадрларды дайындауға және шақыртуға байланысты жоспарларымен бөлісті.

Жиын соңында, өкіл имам мешіттердегі сауат ашу курстарының жүйелі өтуін, мешіт жұмыстары мен құжаттарын реттеп, біріздендірілуін, "Уақып" Қазақстандық қоры", ҚМДБ "Зекет қоры" жұмыстарының насихатталуын және қызметкерлердің өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқаруын жіті қадағалауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру