ҚМДБ жариялаған «Ислам және отбасы» жылы аясында ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі «Уақып» және «Зекет» қайырымдылық қорларымен бірлесе отырып, орталық «Иман» мешітінде жаңа оқу жылының басталуына орай «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, балапандарға қуаныш сыйлады. Шара барысында өңірдің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы болашақтың балғын бөбектеріне сөмке үлестіріп, батасын берді.
Акция аясында балаларға 250 сөмке мен тәтті балмұздақтар таратылды. Сонымен қатар, мешіт ауласында «Жануарлар әлеміне» саяхат деген атпен мәдени-сауықтыру шарасы өтті. Жалпы алғанда өңірдің мешіттерінде 3000-нан астам оқушыға көмек көрсетілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі
27.08.2018
3552
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру