Исламдағы екі ең ұлық мерекенің бірі - Құрбан айт өзінің тағылымымен төрімізге озды. Иншалла, еліміз аман, жұртымыз тыныш күй кешіп, азат өмірдің тағылымына кенелуде. Құрбан айт мерекесін де қазақ елі ыстық ыждаһатпен қарсы алды.

Көкше өңірі де Құрбан айтқа арналған мерекелік сәтті Науан хазірет мешітінде оқылған Айт намазымен бастап кетті. Күннің жауынды - шашынды болғанына қарамастан үлкені де, кішісі де мешітке қарай асыға басып бара жатқанын байқадық. Алланың үйіне тілек тілеп келген жамағаттың да қарасы қалың екені қуантты.


ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша өкілі, Науан хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит айтулы мерекенің тарихын тереңінен қозғап, Ибраһим пайғамбардан сүннет болып келе жатқан рәсімді әңгімелеп берді.


Айт хұтпасы алдында жамағатқа жақсы хабарымен бөлісіп, осымен екінші пәтердің кілтін мұқтаж отбасына табыстағалы отырғанын жеткізді. Жаңа қоныстың кілтін белгілі қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиев бірінші топтағы мүгедек, екі баланың анасы Гүлнәр Хамзинаға салтанатты жағдайда табыс етті.



Айт намазы оқылып, құрбан шалу рәсімі бастау алды.Барша жұрт бір-бірін қүттықтап, ізгі тілектерін жолдап жатты. Қасиетті мереке елімізге берекесін әкеліп, осындай тағылымды күндеріміз көп болғай!

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.08.2018
3793
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру