Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың Құрбан айт мейрамымен құттықтауы

21.08.2018 2811 0 пікір
ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың Құрбан айт мейрамымен құттықтауы

Құрметті мұсылман қауымы!

Қадірлі отандастар!

Еліміздің мұсылмандарын және барша қазақстандықтарды ислам дінінің айтулы мерекесі болып саналатын Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтауға қуаныштымын.

Құрбан айт – ізгілік пен мейірімділіктің, жақсылық пен қайырымдылықтың мейрамы.

Бүгінгі мереке мәдениетімізбен, ұлттық салт-дәстүрімізбен етене қайнасқан төл дініміздің кемел бір нышаны болып табылады.

Осы мерекеде мұсылман қауымы көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қоғамдағы гуманистік құндылықтарды барынша нығайтуға белсенді атсалысады.

Дәстүрлі дініміздің осындай жасампаз әлеуеті рухани-адамгершілік құндылықтарды жан-жақты дамытуға, қоғамдағы ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімді нығайтуға қызмет етеді.

Баршаларыңызға зор денсаулық, құт-береке және амандық тілеймін!

Құрбан айт мерекесі құтты болсын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру