Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде «Дала семинары» пилоттық жобасы іске қосылды (ФОТО)

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 26.07.2018 3178 0 пікір
Өскеменде «Дала семинары» пилоттық жобасы іске қосылды (ФОТО)

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, ҚМДБ-дан жарияланған «Ислам және отбасы» жылының аясында ҚМДБ Өскемен аймағының өкілдігі «Дала семинары» атты пилоттық жобаны жүзеге асырды.

Шығыс Қазақстан облысының «Бескөл» демалыс орны аумағына өкілдіктен бірнеше киіз үйлер тігілді. Жайлаудағы отбасылық үлгідегі далалық семинарға жамағаттар және демалушылар қатысты.

Көл жағасындағы тамаша табиғат аясындағы шараға апта бойында 50-ден астам демалушы-қатысушылар сонда орналасып, олар азық-түлікпен, жатын орынмен қамтамасыз етілді. Далалық семинар келушілерді тегін қабылдап, қызмет көрсетті.

Сонымен қатар, әр уақыт сайын өкілдіктен имамдармен ұстаздар және мамандар арнаулы шақырумен келіп, қатысушыларға дәріс берді.

Шараның әр сәтін тиімді пайдалануға баса назар аударылып, арнаулы бөліс бойынша демалушылар арасында уағыз-насихатпен қатар спорттық сайыстар, салт-дәстүрден көріністер қойылып, тарихи әңгімелер айтылды.

 «Діни басқармадан жарияланған 2018-«Ислам және отбасы» жылының аясында осы шара іске асырылды. Бұл жобаны болашақта кемелдендіріп, одан ары жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Жаңа бастамаға халықтың қызығушылығы жоғары деңгейде болды. Жергілікті әкімдіктер де қолдау көрсетті. Бұл іс әсіресе кері ағымдарға күресте өте тың тәсіл деп бағаланып отыр. Мұнда ұлттық құндылықтарды насихаттауға да назар аударылды»,- деп атап өтті ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Тасболатұлы.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру