Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақжайықта айт намазы оқылды

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы 16.06.2018 3094 0 пікір
Ақжайықта айт намазы оқылды

Ораза айты — бір ай оразаны аман-есен аяқтағаннан кейін, бейне осыған шүкіршілік іспетті илаһи шуағы мол мереке. Ай бойы Алланың разылығы үшін ашқұрсақ жүріп, көзді харамнан, құлақты өсек тыңдаудан, тілді ғайбат сөйлеуден тыйып, көңіл айдынын хақ дариясымен суарып, жүректі ақиқат сырларына малындырып, адамзат баласы «мумин» мақамына көтеріледі. Айт мерекесі айт намазымен басталады. Ораза айт мейрамы мұсылман халқы үшін қасиетті күн болып саналады. Исі мұсылман бір-біріне тілек айтып, араздасқаны болса, татуласады. Бірлік пен ынтымақ, имандылық турасында келелі әңгіме козғалады. Аталмыш ұлық мерекені облыс тұрғындары да лайықты дәрежеде қарсы алды.

Таң сәрісімен “Орал” орталық мешітіне келген облыс орталығы тұрғындарының карасы өте көп болды. Дәстүр бойынша, айт намазы қасиетті Құран Кәріммен азаншы Асхат Асылбеков бастаса, найб имам Бақытжан Сабралиев «Ораза айт» турасында уағыз айтып,  ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы, Орал орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов өзі бас болып айт намазын оқып, дұға жасап, жамағатты ұлык мерекемен құттықтады.

Айт намазынан кейін Орал орталық мешітінің ақсақалы Ғұмар қажы Құрақов ақбатасын берді.  Қазақ еліндегі ұлық айындағы исі мұсылмандардың   29 күн бойы оразасы қабыл,   мұраты асыл болып, рамазан айынан рамазанға аман-есен жетейік бауырлар!

Мешіт аксакалдары, облыстың лауазымды тұлғалары, әсіресе жастар көп болды.

Облыс бойынша қала, аудан, ауыл мешіттерінде айт намазы  таңғы сағат 06:30 оқылды

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру