Павлодар облысындағы діни білім ордасы "Әбу Бәкір Сыддық" медресесі Исламтану, біліктілігі, имам хатиб, мамандарын даярлайтын оқу орны. Медресе 9 жыл бойы шәкірттерді тәрбиелеп келеді. Медресеге жалпы орта білімі бар ер балалар қабылданады. Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай. Студенттер тамақ және жатақханамен қамтамасыз етіледі. Медреседе жоғары білімді исламтанушы, дінтанушы мамандар дәріс береді. Олардың ішінде араб елінен шақырылған арнайы ұcтаз да бар. Оқуды тамамдаған түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріліп, қызметпенқамтамасыз етіледі. Білімді де білікті және салауатты маман болып қалыптасуына барлық жағдайлар жасалған. Медресенің оқу ғимараты лекциялық аудиториялар, кітапхана, интернет желісіне қосылған компьютер залы, жатақхана, мешіт, спорт алаңы, асхана, және басқа да материалдық базасымен толық қамтамасыз етілген.
Білімді де білгір мамандарды даярлайтын оқу орны биыл тоғызыншы жылда өз түлектерін ұясынан ұшырғалы отыр. Осыған орай 2017-2018 оқу жылы медресені тәмәмдаушы 3- курс студенттері Құран, Араб тілі, фиқһ пәндері бойынша емтихан тапсырды. Сынақты комиссия төрағасы "ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Хасан Ташайұлы, өкіл имам Жолдас Қоспақұлы және осы медресенің директоры Аршабаев Серікболдар қабылдады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
mazhab.kz
13.06.2018
4256
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру