Ұлық айда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия діни істер басқармасының арасындағы келісім-шарт бойынша қасиетті Рамазан айында Ақжайық төріне Орал орталық мешітінде бір ай бойы тарауық намазында Құранды бастан аяқ оқып, Сүлеймен қари Талант хатым етті.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы, Орал орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов жиналған қауым алдында сөз алып, ұлық аймен құттықтап, Сүлеймен қари Таланттың иығына шапан жауып, Ақжайық жұртының шексіз алғысын жеткізді.
Одан кейін Сүлеймен қари сөз алып: «Қасиетті Рамазан айында қазақ еліне келгенімді мақтан тұтамын. Қазақстанның исі мұсылман жамағатының бауырмалдығына шексіз разымын, ақсақалдардың ақ батасы мен ақжаулықты аналардың дұғасы қабыл болып, жастардың мешітке көп жиналғаны жүрегімді жылытты»,- деп ақ тілегін жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО өңірлік баспасөз қызметі
12.06.2018
2668
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру