Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОҚО: Зекет малдары шариғат бекіткен азаматтарға үлестірілді

ОҚО орталық мешітінің баспасөз қызметі 11.06.2018 3407 0 пікір
ОҚО: Зекет малдары шариғат бекіткен азаматтарға үлестірілді

ОҚО өкілдігінің зекет корпоративтік қоры қасиетті Қадір түнінің қарсаңында халықтан топталған зекет малдарын, шариғат бектікен азаматтарға яғни, жағдайы төмен 20 отбасыға азық-түлік ретінде үлестірді. Атап айтқанда, 50 кг ұн, 5 л май, күріш, макарон ұсақ-түйек заттар және асханаға қажетті ыдыс-аяқтар.  Сондай-ақ, бауыры науқасқа ұшыраған азаматшаға жүз мың ақшалай көмек берілді. Осындай үлесімді жұмыстарды атқарған ОҚО Зекет өкілі Әзімбаев Айбек пен орынбасары Полатов Еркінге көмек алған отбасылар өз разылықтарын айтып, көңілдері бір көтеріліп қалды. Осындай сауапты да қадірлі істерге себепкер болып жатқан азаматтарға Алланың сауабы мол жазылсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру