Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

САУАТ АШУ КУРСЫНДАҒЫ ЖЕТКІНШЕКТЕРГЕ СЫЙЛЫҚТАР БЕРІЛДІ (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі qalam.kz 11.06.2018 3562 0 пікір
САУАТ АШУ КУРСЫНДАҒЫ ЖЕТКІНШЕКТЕРГЕ СЫЙЛЫҚТАР БЕРІЛДІ (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде қасиетті Рамазан айында сауат ашу курсының шәкірттері білімдерін саралап, сынақ тапсырды.

«Шәкірттерді алғашқы күннен бастап дәрістерге ынталы қатысты. Ата-аналары балаларды оқудан қалтырған жоқ. Біз оларға барлық мүмкіндікті жасадық. Шәкірттерді жылдағы дәстүр бойынша марапаттап отырмыз» деп атап өтті, «Халифа Алтай» мешітінің ұстаздары.

Білімдерніе нәтижелі сынақ тапсырып, барлық сұрақтарға мүдірмей жауап берген шәкірттерге сыйлықтар тапсырылды. Ең үздік нәтиже көрсеткен шәкірттер велосипедпен, басқалары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар барлық шәкірттерге үздік оқығаны үшін марапат берілді.

Ата-аналар балаларына сапалы білім беріп, имандылық нәрін сепкен мешіт ұстаздарына ақ алғыстарын білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру