Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Нұр Ғасыр»: 500 отбасыға - қайырымдылық көмек

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 07.06.2018 3658 0 пікір
«Нұр Ғасыр»: 500 отбасыға - қайырымдылық көмек

Діни басқарма жариялаған «Ислам және отбасы» жылы аясында «Нұр Ғасыр» мешітінде 500 отбасын қамтыған қайырымдылық шараларын өткізу жоспарланған болатын.

Алғашқы шара қарт жандардың құрметіне арналды. Жеңіс күнінің қарсаңында 100-ге жуық қарияға «Еуразия» мейрамханасында ас беріліп, сый-сияпатттар ұсынылды.

100 баланың жүзіне қуаныш ұялатқан кезекті шаралар легі Балаларды қорғау күні өтті. Өкіл имам бастаған мешіт қызметкерлері «Жайна» оңалту орталығында болды. Мұнда тәрбиеленуші 8 балаға мешіттің «Сен де үлес қос!» қайырымдылық акциясының атынан мүгедек арбасы және бағалы теледидар тарту етілді. Оған 700 мың теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Сонымен қатар, облыстық балалар ауруханасында жатқан балғындарға тәттілер таратылып, мерекелік көңіл-күйге сыйланды. Ал мешіт ауласында өткен мерекеде ойын-сауық шаралары ұйымдастырылып, киіз үйде балғындарға ауызашар дастарханы жайылды.

Бүгін мешіт тағы да 200 мұқтаж отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті. Көмек мешітке түскен садақалар мен пітірдің есебінен берілді. Өкіл имам Төлеби Оспан Рамазанда рақымшылық танытып, өзгенің мұқтаждығын өтеу, жақсы амалдар атқарудың сауабы да салмақты екендігін айтты. Шара барысында барлығы 1,6 тоннадан астам азық-түлік үлестірілді.

Кезекті қайырымдылық шарасында тағы да 100 отбасы қамтылады деп жоспарлануда. Көмек қала тазалығына жауапты қызметкерлерге беріледі.

100 қарияға жайылған дастархан

100 балғынға - базарлық

200 мұқтаж отбасы қамтылған қайырымдылық шарасы

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру