Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АТЫРАУДА "ИМАНДЫ БАЛДЫРҒАН" ЖАЗҒЫ КУРСЫ АШЫЛДЫ

Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі islam-atyrau.kz 06.06.2018 3260 0 пікір
АТЫРАУДА "ИМАНДЫ БАЛДЫРҒАН" ЖАЗҒЫ КУРСЫ АШЫЛДЫ

Маусымның 5-күні ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Берденұлының бастамасымен мектеп жасындағы балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында орталық «Иманғали» мешітінің жанынан балаларға арналған "Иманды балдырған" атты діни сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.

Алғашқы топқа 85 ер бала, 42 қыз бала қабылданды. Алдын-ала жазылып, ниет білдірушілерден құралған балаларды екі топқа бөліп оқыту қарастырылған. Шәкірттерге Құран әліппесі, Ислам әдептері, ғибадат, пайғамбарлар тарихынан сабақтар жүргізіліп, арасында интеллектуалды ойындар мен еңбекке баулу, қала мешіттеріне саяxат секілді ой-өрістерін сергітетін серуендер күнделікті жоспарға енген.

Жазғы діни сауат ашу курсына келген балаларды бас имам Батыржан Берденұлы жазғы діни сауат ашу курсының алғашқы күнімен құттықтап, иманды болуға, білімді жақсылап алып, ел мақтайтын азаматтар мен азаматшалар болып өсуге шақырды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру