ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Нұр-Мүбарак университетінің оқытушысы Рахымжан Әкімбеков тарауық намазының алдында «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде қала жамағатымен өткен кездесуінде «Оразаның рухани және медициналық пайдалары» тақырыбында уағыз айтып, жамағат тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға жауап берді.
Бұдан кейін, қалалық «Хазреті Әли» мешітінде саяси қуғын сүргін құрбандарына Құран бағыштап, Хатым дұғасын жасады.
Қасиетті жұма күнінде орталық мешітте «Рамазан – Құран түскен ай» тақырыбында жұма уағызын жүргізіп, намаздан соң жамағатпен бірге ел бірлігі мен кемел келешегі үшін дұға етті.
Сонымен қатар, осы күні Сырдария ауданында және ақшам намазынан кейін қалалық «Мүсірәлі Ата» мешітінде жамағатпен кездесу өткізілуі жоспарлануда.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
01.06.2018
4054
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру