Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарттар үйіндегі келелі кездесу

Алматы қаласы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 10.05.2018 3110 0 пікір
Қарттар үйіндегі келелі кездесу

Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні қарсаңында Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек қари Керімбекұлы қарттар үйіне арнайы ат басын бұрып, өмірдің қиындықтарына тап болған қарттардың көңілін көтеріп, ақ баталарын алып қайтты. Мерекемен құттықтаған бас имам Еркінбек қари Шоқаев:

«Қариясы бар елдің сарқылмас берекесі бар. Сіздердей қарияларымыздың ортамызда болуы үлкен нығмет. Себебі, кейінгі ұрпақтарыңызға айтар өнегелі өсиеттеріңіз дәл бүгінгі таңда ауадай қажет-ақ», - деп қарттарға ұзақ ғұмыр тіледі.

Ғибратты кездесу барысында әрбір қарияға арнайы Құран кітабы және гүл мен себеттегі жеміс-жидектер тарту етілді.

Сондай-ақ, қарттар үйіндегі Қаңтарбаев Жайсанбай ақсақал:

«Иманды жастардың біз секілді қарияларға келіп, сәлемдерін жеткізіп, елеп-ескеркергендерін көріп қуанып қаламыз. Өздеріңнен имандылық тақырыбында әдемі, адамды нұрландырып, жігерлендіретін насихаттарыңды естіп қуатталамыз. Өзім бірнеше жылдан бері осы қарттардың ішіндегі намаз оқитындарына имам болып келе жатырмын», ­- деп алғысын білдірді.

Және қарт ана Айымторы Каспиқызы да діни басқарма ұжымы мен мешіт қызметкерлеріне алғысын жеткізіп, тегін қажылыққа жібергендері үшін әлі күнге дейін дұғасына қосып, тілеулес болып жүретінін айтып, ақ батасын берді.   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру